Еске салайық, қазіргі уақытта Халықаралық Олимпиада комитеті (ХОК) боксты 2020 жылы Токиода өтетін Олимпиада бағдарламасынан шығарып тастауды қарастырып отыр. Бұл туралы ХОК-тың басшысы Томас Бах айтты.
- Боксты Олимпиада ойындарынан алып тастайды дегенге сену қиын. Менің ойымша, бұл қисынға келмейтін нәрсе. Өйткені, бокс Олимпиададағы ең қызықты спорттың түрі. Сондықтан да боксты Олимпиададан шеттетеді деген әңгімеге сенбеймін, - дейді Левит.
©prosports.kz