Показать содержимое по тегу: ҚазАгроҚаржы
«ҚазАгро» Ұлттық Холдингі ауыл шаруашылық тауар өндірушілеріне қолайлы жағдай жасауға іске асырылған несие өтінімдерін қабылдау және өңдеудің автоматтандырылған Жүйесі шеңберінде жаңа қызмет түрін енгізді. Бұл туралы бүгін Астанада өтіп жатқан Дөңгелек үстел барысында Холдинг Басқарма төрағасының орынбасары Айгүл Мұхамадиева айтты. Аталған шарада Қазақстандағы ауыл шаруашылық техникасының ағымдағы жағдайы және оны алудағы қаржылық қызметтердің қолжетімділігін арттыру сұрақтары қарастырылуда деп хабарлайды silteme.kz AA «ҚазАгро» холдингі» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап .
2001 – 2017 жылдары «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ еншілес компаниясы – «ҚазАгроҚаржы» АҚ арқылы Павлодар облысы АӨК дамуына 34,1 млрд.теңге инвестицияланды. Филиалдың қызмет ету уақытында 22,5 млрд.теңге сомасына 2 334 бірлік техника сатып алу, сонымен қатар 13,9 млрд. теңге сомасына 43 инвестициялық жоба қаржыландырылды. Бұл туралы «ҚазАгро» Холдингі» АҚ Бұқарамен байланыс департаменті хабарлады.