«ҚазАгро» Холдингі өкілінің сөзі бойынша, бұған дейін ауылдық жерлерде Несие серіктестері және Микроқаржылық ұйымдар арқылы кәсіпкерлерге берілетін қарызға кепілдік өтінімдерін енді Жүйе арқылы беруге болады. Айгүл Мұхамадиева еске салып өткендей, Холдингтің еншілес компанияясы – «ҚазАгроКепіл» АҚ арқылы енгізілген қарызға кепілдік бағдарламасы өз жұмысын істеуде. Бұл компания ауылдық жерде кәсіпкердің кепілдікке қоятын мүлік жетіспеушілігі туындаған жағдайда мемлекет тарапынан кепіл бола алатын кепілгер болып табылады. Кепілдіктер ауыл бизнесінде, әсіресе бастапқы кәсіпкерлер үшін қаржылық көздерге қолжетімдікті арттыра түсетіні сөзсіз.
Несие өтінімдерін қабылдау және өңдеудің автоматтандырылған Жүйесін «ҚазАгро» Ұлттық Холдингі өткен жылдың жазында іске қосты. Оның мақсаты – Холдингтің еншілес компаниялары /«Аграрлы несие коропрациясы» АҚ, «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау» АҚ, «ҚазАгроҚаржы» АҚ/ арқылы ауыл шаруашылық кәсіпкерлерін несиелендіру процессін оңтайландыру. Несие өтінімдерін қабылдау және өңдеудің автоматтандырылған Жүйесі көмегімен әлеуетті қарызгер несие немесе лизинг өтінімін Холдинг несиелендіруші компанияларының кеңселеріне келмей ақ жүйе арқылы алуына болады, бұл уақыт және жолға кететін шығындарды қысқартады.
Айгүл Мұхамадиева айтқандай, аталған жүйе шеңберінде Холдинг компаниялар тобы көрсететін қызметтер туралы кез келген сұрақтарға жауап алудың үш жолы бар: ол (8 800 080 89 87) call-орталық тегін нөмірі, on-line көмекші және электронды пошта. Мұнда мамандар әрқашан көмектесіп, кәсібі кеңестерін береді.
«ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ өзінің құрылымына кіретін компаниялардың инвестициялық активтерін тиімді басқару арқылы, Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешенін дамыту бойынша мемлекеттік саясатты іске асырады. Холдингтің құрамына «ҚазАгроҚаржы» АҚ, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ, «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ, «Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы» ұлттық компаниясы» АҚ, «ҚазАгроӨнім» АҚ, «ҚазАгроКепіл» АҚ және «ҚазАгроМаркетинг» АҚ енеді.