Ұлыбританияда Альцгеймер ауруын зерттеу орталығының мамандары дертке шалдыққан адамдардың ми тінінде магнитті темір оксидінің ұсақ бөлшектерін тапты. Улы заттардың бөлшектері көбінде ауасы ластанған қалаларда тұрған науқастардан табылған.
Зерттеушілер: «Ми тініндегі магниттік темір оксидінің бөлшектері мен аурудың асқынуы арасындағы тікелей байланыс табылған жоқ, дегенмен бұл ауру түріне қоршаған ортаның әсері бар-жоғын нақты анықтау керек», – деп мәлімдеді.
Магнетит ми жасушаларында жинақталып, оны зақымдайтын еркін радикалдардың қалыптасуына алып келеді екен.