Молдовада өткен президент сайлауына түскен Социалистік партиясының көшбасшысы Игорь Додон сайлаушылардың 54 пайыздан астам дауысына ие болып, сайлаушылардың 46 пайыз дауысын жинаған Іс-қимыл және ынтымақтастық партиясының көшбасшысы Майя Сандуды басып озды. Игорь Додон сайлаудағы жеңісінен кейінгі мінбердегі алғашқы баяндамасын мемлекеттің ресми тілі румын тілінде емес орыс тілінде бастады.
Болгария мен Молдавада өткен президент сайлауларына баға берген Ресей президентінің кеңесшісі және баспасөз хатшысы Дмитрий Песков, “Екі мемлекетте өткен сайлауда жеңіске жеткен көшбасшылар өздерінің сайлаудан кейінгі баяндамаларында бізге оң көзқараста және жақын екендіктерін көрсетті. Бірақ екі мемлекеттің жаңа басшылары біздің адамымыз дегенді айту өте қате пікір болады. Алдағы уақытта кейінге қалдырылған кей жобаларды қайта қолға алуымыз мүмкін, - деді ол өз сөзінде.
Аударған: Ерболат Мамырайхан
Дерек көзі: haberler.com.