18.11.2020, 00:19
Ғ.Бейсембаевтың іссапары енді Тараз қаласында жалғасты
А.ж. 18 қарашада «Оқулық» республикалық ғылыми-практикалық орталығының директоры Ғани Бейсембаев Тараз қаласына іссапармен келді.
Еліміздің бүкіл оңтүстік бетін қамтыған бұл сапардың мақсаты – білім беру ұйымдары кітапханаларының жай-күйі, кітап қоры, цифрлы білім беру ресурстары, электронды кітапхана жұмысымен танысу. Сонымен қатар апробациядан өтетін пилотты мектептердің оқытушыларымен кездесіп, дайындық барысын көріп, сауалнама жүргізу.
Бұдан бөлек оқушылар мен студенттердің көркем әдебиетке деген ынтасын арттыратын «Оқуға құштар мектеп» жобасының жүзеге асу үдерісін бақылау.
Сапар барысында Ғани Бейсембаев Тараз облысы әкімінің орынбасары Ержан Жылкыбаев, облыстық білім басқармасының басшысы Гульнар Ходжабергеновамен кездесіп, Абай атындағы Жамбыл гуманитарлы колледжнің базасында болып қайтты.
Айта кетейік, бүгінгі таңда «Оқулық» РҒПО 2020-2025 жылдарға арналған білім беру ұйымдарының кітапханаларын перспективалық дамыту жөнінде Жол картасын әзірлеп, қолданысқа енгізу мәселелерін зерттеп зерделеуде.
Тегтер:
Пікір жазу
Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.
Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.
E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13