Айта кетсек, елордадағы Ұлттық-академиялық кітапханада «Ауыл» партиясының саяси кеңесінің отырысы өтіп жатыр. Отырыс барысында партияның «Ел аманаты» Жалпыұлттық сауалнамасын жүргізуі туралы мәселе қаралуда. Саяси кеңестің жұмысын «Ауыл» партиясының төрағасы Әли Бектаев ашып, бұл жобаның партия үшін маңызын атап өтті.
«Ел аманаты» жалпыұлттық сауалнама жобасын бүгінгі таңда қоғам алдында тұрған аса маңызды әлеуметтік және экономикалық проблемаларды анықтау мақсатында ұсындық. Сауалнама барысында анықталған барлық проблема партия үшін халықтың аманаты болады. Оның қорытындысы біздің алдағы жұмысымыздың бағдары болып, «Ауыл» партиясы бағдарламасының негізіне айналады. Респонденттерден алынған жауаптың бір де бірі назардан тыс қалмай, билік органдарына жеткізіледі», - деді Әли Бектаев отырыс барысында.
Сонымен бірге отырыс барысында партия қатарына жаңа азаматтар қабылданды. Атап айтқанда, белгілі журналистер Несіп Жүнісбаев пен Зейін Әліпбек, «Іскерлікке демеу» қоғамдық қорының басшысы Анас Баққожаев «Ауыл» партиясының қатарына өтті.