"Астаналық тіл басқармасы қолдауымен жүргізіліп жатқан "Bilimmen bolis" қоғамдық лекциясына қатыстық. Форматы да, шақырылған спикер де ұнады. Формальды жиындардағыдай емес, сөздің тура мағынасында көп нəрсе алып қайттық. "Білгенім бір тоғыз, білмегенім тоқсан тоғыз" деген осы да", - деп атап өтті ол.
"Келушілердің дені жастар екен. Бұл да болса көңілге қуаныш ұялатады. "Көрсем, білсем" деген жас қашан да сый-құрметке лайық. Спикер болған Əлихан ағамыз да шешен десе шешен, білікті де білімді кісі ғой. Мемлекеттік басқару, саяси мəдениет, ұлттық жəне шетелдік менеджменттің ерекшеліктері туралы айтқандары өте тұщымды шықты. Əсіресе, "Заңы нашар болса да мемлекеттік қызметшілері мықты елдің мəселелері оңғарылып тұрады. Керісінше, заңы мықты, ал қызметкерлері нашар елдің ісі кері кетіп тұрады. Біз осының тиімді теңгерімін табуымыз керек" дегені көкейге қонды. Ұйымдастырушыларға көп-көп рахмет. Біз де өз тарапымыздан жаңадан осындай ағартушылық жобаларды қолға алуды көздеудеміз", - деп түйіндеді сөзін Қор төрағасы.
Айта кетейік, дәріс осымен үшінші мәрте өткізіліді. Бұдан бұрын Саясат Нұрбек Астана қаласының білім беру және жұмыспен қамту жүйесі туралы, Шыңғыс Мұқан мемлекеттік даму туралы әңгімелеген болатын.