Ким Чен Ын қамаудағы АҚШ азаматтарына рақымшылық жасамақ
10.05.2018, 10:35

Ким Чен Ын қамаудағы АҚШ азаматтарына рақымшылық жасамақ

КХДР көсемі Ким Чен Ын АҚШ президенті Дональд Трамптың өтінішіне байланысты, елде ұсталған үш америкалық азаматты босатуға рұқсат берген деп хабарлайды РИА НОВОСТИ.

Кореяның Орталық телеграфтық агенттігінің мәлетінше, КХДР лидері АҚШ президентінің ұсталған америкалықтарды босату жайындағы ресми хабарламасына сәйкес, оларды босатып, еліне қайтаруға шешім қабылдаған.

АҚШ мемлекеттік хатшысы Майк Помпео КХДР-ға сапары барысында Ким Чен Ынға Трамптан "ауызша хабарлама" жеткізген. КХДР лидері өз кезегінде АҚШ президентінің мәселені диалог арқылы жеткізуін жоғары бағалаған.

Помпео сапарының соңында Солтүстік Кореяда қамауда болған АҚШ азаматтарын алып кеткен.

Айта кетейік, АҚШ президенті солтүстіккореялық лидермен мамыр немесе маусым айында кездеседі.

 

Дереккөз: qamshy.kz

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер