«Бүгін Нұрсұлтан Назарбаев Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті. Әңгіме барысында Елбасы Владимир Путинді кезекті сайлаудағы жеңісімен құттықтады»,-делінген хабарламада.
Айта кетейік, РФ президентінің сайлауы 2018 жылдың 18 наурызы күні өтті.
Орталық сайлау комиссиясының алдын ала мәліметтері бойынша, РФ іс басындағы президенті Владимир Путин президент сайлауында алдыда келеді. Учаскелік сайлау комиссияларының қорытынды хаттамаларының 90% өңделіп, сайлаушылардың 76,41% Владимир Путинге дауыс бергендігі мәлім болып отыр.
Дереккөз: Қазақпарат