Ал, Құл-Мұхаммедтің орнына бұған дейін Мәжіліс депутаты болып жұмыс істеп келген Мәулен Әшімбаев тағайындалды. Бүгін Мемлекет басшысы, «Нұр Отан» партиясының төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі партиялықтарға жаңа басшысын таныстырып, Әшімбаевтың өзіне сәттілік тіледі.
«Нұрсұлтан Назарбаев атқарған жұмысы үшін Мұхтар Құл-Мұхаммедке алғыс айтып, партия Төрағасының жаңа бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаевты таныстырды», - делінген Ақорда таратқан хабарламада.