«Екі жақты келіссөздер барысында делегаттар саны, олардың жүріп-тұру бағыттары және сөйлетін сөздері сияқты мәселелер қаралмақ», - делінген таратылған ресми хабарламада.
КХДР жағынан қандай әртістердің келетіні әзірге белгісіз. Оңтүстегі БАҚ өкілдері Пхеньян «Моранбон» ансамблін жіберуі мүмкін деп жазып жатыр. Көбінесе әскери формада өнер көрсететін аталмыш топтың қысқа және ашық көйлектермен сахнаға шығатын кездері де аз емес екен. Олардың музыкалық шығарылымдары интернетте миллиондаған қаралым жинаған.
Жыл басынан бері қос кореяның арасында «жылымық» байқалып келеді. Екі жылдың ішінде алғаш рет көршілес мемлекеттер Пханмунджом шекара бекетінде министрлік деңгейіндегі келіссөздер жүргізді. Осының нәтижесінде КХДР Оңтүстік Кореяда өтетін қысқы Олимпиадаға құрамына билік өкілдері де кіретін делегация жіберетін болды.