Тараптар ара-қатынасты жақсарту жолдарын іздестіруде. Ол үшін Солтүстік Кореяның спортшыларын оңтүстіктегі Пхёнчхан қаласында өтетін олимпиадаға қатыстыру мүмкіндіктерін қарастырмақ. Жабық есік жағдайында өткен кездесуге журналистер қатыстырылған жоқ.
Еске салайық, Ким Чен Ын жаңа жыл қарсаңындағы жолдауында көрші елмен қатынасты жақсарту туралы айтқан. Ресми Сеул оның диалог орнатуға деген ниетін қолдап, жоғары деңгейде келіссөздер жүргізуді ұсынды. Оңтүстік Кореяның ұлттық бірігу министрі Чо Мён Гюн қос елдің шиеленіскен қарым-қатынасын жұмсарту амалдары қаралатынын айтты. Бір-бірінен ажырап қалған ағайындылардың араласуына мүмкіндік беру мәселесі көтерілетінін хабарлады.