Өзбекстанда президент сынынан кейін 24 лауазымды тұлға қызметінен кетті
27.12.2017, 12:01

Өзбекстанда президент сынынан кейін 24 лауазымды тұлға қызметінен кетті

Өзбекстанда Қаржы министрлігінің 24 лауазымды тұлғасы қызметінен кетті. Бұл ел президенті Шавкат Мирзиеевтің 22 желтоқсандағы парламентке Жолдауында аталған министрлік жұмысын қатаң сынға алғаннан кейін болды, деп хабарлайды ӨзА агенттігіне сілтемемен ҚазАқпарат.

Қаржы министрлігінің орталық аппаратынан  басқарма бастықтары және орынбасарлары, бөлім басшылары, тағы да 4 жауапты қызметкер жұмыстан босатылған. Ал 26 желтоқсан күні олардың қатарына тағы 8 мемлекеттік қызметші қосылып, қызметінен қуылғандар саны жалпы 24-ке жетті.

Қызметінен босатылғандар арасында Қазынашылық бастығының орынбасары Ф. Нұрмұхамедов, Бухгалтерлік есеп және аудит басқармасының бастығы Ш. Хайдаров, Өнеркәсіптің базалық тармақтары және отын-энергетика қаржысы басқармасының бастығы міндетін атқарушы А. Абдуллаев, Мемлекеттік қаржы бақылауы бас басқармасының орынбасары М. Агзамов, Салық және кедендік тариф саясаты басқармасының бастығы И. Голышева, Мемлекеттік қаржы бақылауы бас басқармасының бөлім бастығы Б. Жұмаевтар бар.

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер