Қазақстаннан шетелге 70 млрд теңге шығарылған
19.12.2016, 12:46

Қазақстаннан шетелге 70 млрд теңге шығарылған

Бес жылда жемқорлар Қазақстаннан 70 млрд. теңгені сыртқа шығарған. Бұл туралы бүгін Астанада ЭЫДҰ сыбайлас жемқорлыққа қарсы желісі құқық қорғау органдарының жетінші отырысында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Алик Шпекбаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Соңғы бес жылда сыбайлас жемқорлық қылмыстарының салдарынан Қазақстаннан 70 млрд. теңгеден астам қаржы шығарылды. Осы қылмысқа қатысты 47 адамға халықаралық іздеу жарияланып, 28-і табылып, Қазақстанға экстрадицияланды. Осы ретте бүгінгі отырысқа қатысып отырған бірқатар әріптестеріме алғысымды айтқым келеді. Олар құқықтық көмек аясында қылмыскерлерді елімізге экстрадициялауға қолдау жасады»,-деді Шпекбаев.

Бұдан бөлек ол отырыс барысында тілшілер сауалына жауап беру кезінде Қазақстаннан шетелге заңсыз шығарылған ақшаны қайтару бойынша Бас прокуратура мен агенттік тарапынан тиісті шаралар атқарылып жатқандығын атап өтті.

«Кеткен шығын бар (70 млрд. теңге), бүгінде оның 20 пайызының орны толтырылды. Кетіп қалғандарға қатысты алдағы уақытта қайтару жұмыстары мен тиісті экстрадициялау шаралары іске асырылуда. Атап айтқанда, заңсыз аударымдар мен осы жолмен шетелде сатып алынған мүлікке тыйым салу шарасы қолданылып, сәйкесінше бұл қаржы Қазақстанға қайтарылады»,- деді Шпекбаев.

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер