Сынақ ретінде «Ладожский» гибридтік жүгері сортын егу қолға алынды
14.03.2018, 08:37

Сынақ ретінде «Ладожский» гибридтік жүгері сортын егу қолға алынды

Оңтүстік Қазақстан облысындағы Отырар және Сарыағаш аудандарында «Шымкент» Әлеуметтік Кәсіпкерлік Корпорациясының бастамасымен «Заманауи технология бойынша жүгері  өсіру» атты семинар-кеңес өтті. Шараға  аталған екі ауданның әкім орынбасарлары мен ауыл шаруашылығы бөлімдері және 100-ге тарта ірі шаруа қожалықтарының басшылары қатысты, деп хабарлайды silteme.kz АА.

Семинар барысында   фермерлерге ресейлік «Кубань»  агрохолдингі мен қазақстандық «Агроимпекс» ЖШС-нің мамандары  «Ладожский» гибридтік жүгері сорттының артықшылықтары туралы ақыл-кеңестерін берді.  Сондай-ақ, олар "Ладожский" гибридтік жүгері сорттын эксперимент ретінде екі ауданда 3 гектар алқапқа егіп көру мәселесін көтерді.

Оңтүстік Қазақстан облысының климаты бұл жүгері сортын егуге өте қолайлы дейді мамандар. Ең бастысы, аталған астық жүгеріні мал және құс шаруашылығына құрама жем ретінде пайдалуға болады. Қажетті технологияларды толық сақтаған жағдайда бұл жүгері сортының бір гектарынан 10-12 тонна өнім алуға мүмкіндік бар.  Мәселен наурыз айында егілген дақыл түрі жаздың соңына қарай өнім бере бастайды.  Яғни шамамен 98 күнде пісіп жетіледі. Жүгері сортының ең басты құндылығы - құрғақшылыққа, аурулар мен зиянкестерге төзімді келеді. «Ладожский» гибридтік жүгері сорттын шаруалар «Агроимпекс» ЖШС-нің қоймаларынан сатып алуына болады.

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер