Грекия: компьютерлік ойындар
Фото: kremlinpress.com
2002 жылы Грекия барлық электронды ойындарға тыйым салды. Мемлекет осы арқылы жастарды құмар ойындардан алыстатуды көздеген.
Қытай: Уақытқа саяхаттау
Бұл елде саяхаттаудың өзіне емес, оның экранда суреттелуіне тыйым салынған. Мемлекетте ежелгі замандарға саяхат жасайтын фантастикалық сериалдар көбейіп кеткен. Сосын үкімет олардың санын шектеу мақсатында, ондай мәндегі сюжеті бар фильмдерге тыйым салады. Билік бұл фильмдер арқылы “түрлі аңыздар туып, бұл халықтың санасына ықпал етеді” деп санайды.
Ресей: “эмо” стилі
Фото: SlyGod.com2008 жылы “Рухани және әдеби білім бойынша мемлекеттік стратегия” деп аталатын құжат аясында Ресей жастар арасындағы эмо-мәдениетті шектеуге алуды бастады. Құжатта эмо-мәдениет өкілдері “металл белбеу тағынып, жылтырақ аяқ киім киген, сырға таққан, пирсинг жасатқан, алабажақ стилді адамдар” ретінде суреттеледі. Бұл “қарама-қайшы идеология тудырады” деген билік, бұл мәдениет жастар арасында күйзелістің кең таралып, суицидке итермелейді деп сескенген. Алайда бұл тыйым салу Ресей мен әлем бойынша эмо стилді қолдайтын жастардың жаппай толқуына алып келді.
Қытай: реинкарнация
Фото: journal.reincarnationics.comБұл көбіне тибет буддаларында жүзеге асырылатындықтан, Қытай билігі бұл тыйымды Далай-Ламаның әсерін кеміту үшін істеген.
Куба: ұялы телефондар
Фото: flagman-travel.ruЕлді Фидель Кастро басқарып тұрған кезде, елдегі бірқатар азаматтар ұялы телефон ұстады. Оның өзінде мұндай құқыққа шетелдік компанияларда, партияның жоғарғы лауазымында отырғандар ғана ие болды. Алайда 2008 жылы билік басына Рауль Кастро келгеннен кейін, ол бұл тыйымның күшін жойды.
Дерек көзі: Stan.kz