Бір таңқаларлығы, ішкі жағынан мұнараның кейбір жері бос, бірақ жоғары көтеріле аласыз — оның периметрі бойымен өтетін баспалдағы бар.
Пиза мұнарасын қалпына келтіру мен сақтап қалу үшін көп күш пен қаражат жұмсалды, сондықтан ішіне кіру үшін біраз ақша төлеуге тура келеді — аз дегенде 32 еуро. Көтерілмей тұрып сізден фотоаппараттан өзге заттың бәрін “алып қалады”. Сірә, бұл Галилейдің денелердің құлауы жөніндегі тәжірибелерін адамдар қайталамасын деген ниетпен істелген болар.
2. Василий Блаженный Соборы, Ресей
Ресейдің бас символы ішкі жағынан да, сыртқы жағынан да эклектикалы. Ғибадатxана бір фундамент үстіне орналастырылған бірнеше әр түрлі шіркеу түрінде салынған, сондықтан ішкі құрылымды бірден ұғу қиын. Ғибадатxана ішінде 9 иконостас пен 2 қабат, сондай-ақ кішігірім мұражай да бар. Әшекейленген қабырғаларына қарасаңыз, құдды бір ертегі әлеміне түскендей боласыз.
3. Мачу-Пикчу, Перу
Бүгінде 70 долларын қиюға дайын кез келген адамның инктер қаласын көру мүмкіндігі бар. Иа, өкінішке орай, бұл әлемдегі ең қымбат көрнекі жерлердің бірі болып табылады.
Егер батылыңыз барып, ежелгі Мачу-Пикчу қаласын көру үшін биікке шықсаңыз, сол бір канонды көрініс ашылмауы да мүмкін — бұл жерді жиі тұман басады. Алайда уайымдамаңыз, Мачу-Пикчу көшелері мен құрылыстары да қызыққа толы.
4. Салтанат қақпасы, Франция
Салтанат қақпасы таңғажайып жерде — айналасын атақты 12 даңғыл қоршап жатқан Шарль де Голль алаңында орналасқан. Ал сол даңғылдардың бірі — әйгілі Елисей жазығы. Қақпа үстінде көру алаңының ашылуы да сондықтан болар.
Оған көтерілу құны — 12 еуро. Осы ақшаға сондай-ақ қақпа ішінде орналасқан мұражайды да көріп қайтсаңыз болады.
5. Колизей, Италия
Колизейдің іші — күмбез тәрізді аркалар, ол жерлерде бұрын көрермендер отыратын және сауда жүргізілетін болған. Шайқастар өткізілген алаңның өзі қазір жоқ, есесіне оның астында не болғаны көрінеді — гладиаторлар мен жануарлар тұрақтаған үй-жайлардың қалдықтары сақталған.
Колизейге 12 еуро төлеп кіруге болады, сонымен бірге бұл билет сізге Рим форумын көруге де құқық береді.
6. Жарылқаушы Христос ескерткіші, Бразилия
Рио-де-Жанейроға келе салысымен бірден көзіңізге түсетіні — Жарылқаушы Христос ескерткіші. Мықты фото жасаудың 2 жолы бар — оны алыстан суретке түсіру немесе айтарлықтай көп адам тобымен бірге ескерткіш түбіндегі көру алаңына көтерілу. Бұл алаңға шығу құны туристер ағылып келетін жоғары сұранысты маусым кезінде 23 долларды құрайды екен.
7. Хеопс Пирамидасы, Мысыр
Мысырда 118-138 пирамида бар және солардың ішіндегі ең атақтысы — әрине, Хеопс пирамидасы. Сырттай зор болып көрінгенімен, іші біреулердің көңілін қалдыруы мүмкін. Фрескалар мен иероглифтердің орнына бос қабырғаларды көресіз, ал дәліздерінің төмендігі сонша, үш бүктеліп жүруге тура келеді. Перғауын саркофагына келер болсақ, ол бетоннан жасалған ванна тәріздес.
Ішіне кіру үшін шамамен 13 еуро төлеу қажет.
8. Саграда-Фамилия соборы, Испания
Бұл собор мысырлық пирамидалардан да ұзақ салынып жатыр. Оны салу үшін не данышпан, не есінен адасқан жан болу керек деседі. Расымен де, оның сыртқы келбеті сияқты ішкі көрінісі де өзіндік даралығымен, батылдығымен ерекшеленеді екен. Мысалға, ағаш тәріздес колонналар соның бір дәлеліндей.
Ішке кіру үшін 15 еуро төлеу керек, бірақ көретініңіз сол құнға тұрарлық дүние.
9. «Отан-ана шақырады!» мүсіні, Ресей
Еуропаның ең биік мүсіні Ресейде орналасқан және ол Сталинград түбіндегі шайқас туралы естелік ретінде тұрғызылған болатын.
Халық арасында мүсіннің аузында көру алаңы, ал құлағының жанында VIP-тұлғаларға арналған мейрамxана бар деген сөз таралған екен. Бірақ, шындығында олай емес. Ескерткіш ішінде сым арқандар тартылған және қарапайым адамдарды ол жерге кіргізбейді, тек теxникалық қызметкерлердің ғана кіруге құқы бар.
10. Нойшванштайн қамалы, Германия
Бұл таңғажайып қамалды бавариялық король II Людвиг салдырған, алайда өзі ол жерде өмірінің бар болғаны 172 күнін ғана өткізген екен.
Негізі, ішінің әдемілігі сонша, қандай сурет қоярымызды білмедік. Қамал балконынан қарағандағы бір ғана көріністің өзі қандай, қараңызшы. Бұл кіру үшін төленетін 13 еуроға тұрарлықтай көрініс емес пе? Иә, іштен көретініңіз сол жұмсалған ақшаны толығымен ақтайды деген ойдамыз.
11. Сидней опера театры, Австралия
Желкенді кемені еске түсіретін бұл театр Биг-Бен және Эйфель мұнарасымен тең дәрежеде бағаланатын заманауи құрылыстардың бірі болып табылады.
Ішке тегін кіруге болады (әрине, операның өзін есепке алмағанда). Айтпақшы, театрдың ең кішкентай “желкендерінің” бірінде “Беннелонг” мейрамxанасы орналасқан.
12. Рейхстаг, Германия
Бұл классикалық ғимараттың ерекшелігі заманауи мөлдір күмбезінің болуында. Тіпті ішіне тегін кіре аласыз және мемлекет тағдыры қалай шешілетінін көре аласыз. Тек екі ай бұрын экскурсияға жазылып қою қажет.
13. Эйфель мұнарасы, Париж
Эйфель мұнарасына келгенде басқаша істедік: оның сыртымен де, ішімен де фото арқылы болса да көпшілік таныс. Жан-жағынан түсірілген түрлі суреттерді де көріп жатырмыз. Сондықтан, мұнараны көпшілік көрмеген түрде көрсетейік деп шештік, дәлірек айтқанда иллюминациясы жоқ кезін. Оның мұндай түрін аза тұту немесе Жер сағаты уақтында көруге болады.
Бір айтарымыз, мұнараның ең биік жеріне шығу билеті 25 еуро тұрады. Лифтсіз арзанырақ болады.
Дереккөз: bilim-all.kz