Бір топ өнер жұлдызы Аягөзде тұратын жалғызбасты анаға баспана сыйлады. Бұл туралы Бағлан Әбдірайымов желідегі парақшасына жазып, сүйінші сұрады.
«Сүйінші ағайын! Алланың қалауымен"Харекет" қоры және "Өнер қырандары" бастаған өнер адамдары Аягөзден тағы бір отбасына үй сыйлады.
Бұл баспана су алған кезде, сол үйде пәтер жалдап тұрып жатқан, жетімдер үйінде тәрбиеленген жалғызбасты, үш баланың анасы Гүлжайна Тұрсынбекқызына бұйырды.
Кілтті табыс етуге Алматыдан "Харекет" қорының директоры Алғадай Әбілғазыұлы және Шарипа Малғаждарқызы барды.Шараға Аягөз қаласының әкімі Дүйсенбаев Жұмағали, қала имамы Думан Нәдірұлы, қалалық мәслиxат депутаты Еркін Юсупов, ақын Ринаттың әкесі-Мамырсу ауылы мектебінің директоры Рифxат Зайтұлы, "Хабардың" жергілікті тілшісі Болат Көкенайұлы қатысты.Жоғарыдағы азаматтар осы отбасын таңдауға көмегін жасаған еді.
Алла баршасына разы болсын! Жаңа үйіне кілем сыйлаған Шарипа апа мен Рифxат ағаға, барша xалыққа ризашылығын білдірген Гүлжайнаның , бала-шағасының қуанышы шексіз болып:"Мен анамның мейірімін алмап едім.Осы мейірімді Сіздерден алдым" - деп ағынан жарылды.
Осы баспананы алуға атсалысқан әрбір азаматқа Алла разы болып, екі дүниенің бақытын сыйласын!»-деген әнші.
Дереккөз: Reactor