Қазақстанда пәтер бағасының төмендеуі тоқтауға таяды
08.12.2016, 15:05

Қазақстанда пәтер бағасының төмендеуі тоқтауға таяды

Қазақстанда баспананың қайталама нарығында пәтер құнының төмендеу қарқыны бәсеңдегені байқалады. Жылжымайтын мүлік сатып алушыларға арналған Homsters.kz халықаралық онлайн-сервисінің сарапшылары осындай қорытындыға келіп отыр, деп хабарлайды Homsters.kz PR қызметі.

Homsters.kz сарапшыларының есебіне қарағанда, қараша айында екінші кезекті нарықтағы пәтерлер құнының төмендеу екпіні жылдық минимумға жетіп, 0,3–0,5% дәлізінде тоқтады. Ал оның алдындағы айларда бұл нарықтағы шаршы метрлердің бағасы анағұрлым шапшаң қарқынмен төмендеп, көрсеткіш айына 3–4% көлемінде болған еді.

Сарапшылардың пікірінше, мұндай үрдісті бірнеше фактормен түсіндіруге болады. Біріншіден, әдеттегідей жылдың соңында тұрғын үй нарығында белсенділіктің төмендеуі. Жылдың басы мен соңында сатып алушылар белсенді болмайды, сол сияқты қайталама нарықта да мәмілелер аз жасалады. Бұл кезеңде үй салушылардың көптеген акциясының арқасында жаңа үйлер нарығы ғана жанданады.

Екіншіден, пәтер иелерінің бірқатары сауда бәсеңдейтін маусымның алдында мейлінше тиімді жағдайларды күтіп, бағаны төмендетуді тоқтатады, ал кейбіреулері, тіпті, өз нысандарын саудадан алып тастайды. Соның нәтижесінде нарықта сапалы нысандар тапшы болып қалады, бұл жайт та бағаның одан әрі төмендеуіне жол бермейді.

Үшіншіден, қайталама нарықтағы сатушылардың көбі бағаны өсірмей ұстап тұруға тырысатынын да естен шығармау керек, бірақ баспаналар сапасының төмендігінен сатып алушылар жаңа үйлер нарығынан одан да тиімдірек ұсыныстар қарастыруға мәжбүр болады. Үй салушылардың маусымдық акциялар мен арнайы ұсыныстарды дәстүрлі түрде жариялап тұруы да сатып алушылардың жаңа баспаналарға ұмтылуына себеп болып жатады.

«Қайталама нарық баспаналарының баяу екпінмен арзандауы маусымдық қана тренд емес. Біз бұл жайт келесі жылы да байқалуы мүмкін екенін жоққа шығармаймыз. Экономикаға қатысты оң болжамдар, тұрғын үй нарығы бойынша жағымсыз жайттардың болмауы және Үкіметтің құрылыс саласын одан әрі қолдауы соңғы екі жылғы раллиден соң 2017 жылы да қайталама нарықта бағаның төмендеуіне әсер етуі ықтимал. Бірақ айтарлықтай төмендей қоймайды – арзандау көрсеткіші жыл бойына 7-10%-дан көп емес деңгейде болады. Сондықтан біз қазақстандықтарға жаңа үйлер нарығына да, қайталама нарықтағы саудаға да көз салып жүруді ұсынамыз», - дейді жылжымайтын мүлік сатып алушыларға арналған Homsters.kz онлайн-сервисінің жетекшісі Олеся Мельникова.

 

Анықтамалық ақпарат                                                                         

Homsters.kz – жылжымайтын мүлік сатуға арналған халықаралық онлайн-алаң. Homsters.kz жылжымайтын мүлік объектілері туралы сенімді ақпарат негізінде екі тарапқа да тиімді мәмілелер жүргізу үшін сатушы мен сатып алушыны біріктіреді. Қазіргі уақытта онлайн-алаң белсенді сауда кезеңіндегі жаңа үйлер сатушыларының 70%-мен серіктес болып, жұмыс жүргізіп отыр, сонымен қатар бүкіл республика бойынша қайталама тұрғын үй нарығының 28 мыңнан астам объектісін қамтитын тексерілген мәліметтердің ашық базасына ие. Homsters.kz Қазақстанның жылжымайтын мүлік сегментіндегі көшбасшы үштіктің қатарына кіреді және нарықтағы өз позициясын нығайтып келеді.

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер