Сыр елінде 23 инновациялық жоба жүзеге асырылады
24.10.2016, 09:46

Сыр елінде 23 инновациялық жоба жүзеге асырылады

Қызылордада индустрияландыру бағдарламасының екінші бесжылдығы аясында құны 604 млрд теңгені құрайтын 23 жобаны жүзеге асыру жоспарланып отыр. Бұл өз кезегінде 6,2 мың жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді, деп хабарлайды Silteme.kz.

 

Бұл туралы Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев индустриалдық-инновациялық даму стратегиясы жөніндегі республикалық конференцияда мәлімдеді.

- Бүгінде біз осы бағдарлама аясында бірқатар ірі индустриалдық-инновациялық жобаларды іске асырудамыз. Қазір құрылысы жүргізіліп жатқан (америкалық инвестормен бірге) шыны зауыты жабдықтарының 50%-ы жеткізілді. Кәсіпорынды кесте бойынша 2017 жылдың бірінші жартыжылдығында іске қосуды жоспарлап отырмыз. Жабдықтардың барлығы дерлік АҚШ пен Еуропадан жеткізілуде. «Бала-Сауысқандық» ванадий кен орнында тәжірибелік-өндірістік зерттеу жұмыстары аяқталды. Аммонидің метаванадатының алғашқы бөлігі сынақтан өткізу үшін АҚШ, Тайвань мен Ресейге жөнелтілді. Жобаның екінші және үшінші кезеңдерін қаржыландыру үшін 2016 жылдың қараша айында Лондон қаласында қазақ-британ үкіметаралық комиссиясының үшінші отырысы аясында инвестициялық келісімге қол қойылады деп күтілуде, - деп хабарлады облыс әкімі.

Сонымен қатар, «Шалқия» қорғасын-мырыш кен орнында тау-кен байыту комбинаты және қуаты 80 мВТ. болатын газ турбиналық электр станциясы құрылыстарының дайындық жұмыстары басталды. Өңдеу зауыты мен салу үшін дайындық жұмыстары басталды. Ферроқорытпа зауытының құрылысын салу жұмыстары да жалғасуда.

Қызылорда облысы әкімдігінің мәліметінше, биыл 23 тамызда Варшава қаласында поляк компаниясымен ферроқорытпа зауытының жобасын іске асыру бойынша ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылған болатын. Польшаның Ұлттық банкі жобаны 300 млн. АҚШ доллары көлемінде қаржыландыруға дайын екендіктерін растады.

Мұндай ауқымды инновациялық өндіріс орындарын салу облысқа шикізатқа тәуелділіктен арылуға және экономиканы әртараптандыруға мүмкіндік береді. Мұнан бөлек жаңа кәсіпорындарда көптеген жұмыс орындары ашылады. Ол өз кезегінде тұрғындардың әлеуметтік ахуалына оң әсер ететін болады.

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер