Ішкі туризмді одан әрі ынталандыру және өңірлердің туристік потенциалын көрсету мақсатында ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша «Kazakh Tourism» АҚ ұлттық компаниясы ақпараттық тур циклін өткізуде.
Ақпараттық турдың алғашқы кезеңінде еліміздің батыстық 4 өңірі туроператорларынан құралған топ республикалық маңызы бар Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары және ШҚО, Ақмола, Алматы және Түркістан облыстарының туристік нысандарымен танысуда.
24 мамыр күні ақпараттық тур қатысушылары Алматы қаласына келді. Қалалық туризм басқармасы және жергілікті туристік қоғамдастықтармен ұйымдастыруымен тур қонақтары «Visit Almaty» туристік хабы, Шымбұлақ тау-шаңғы курорты, Медеу мұз айдыны, Көктөбе көрсетілді. 25 мамыр күні жергілікті компаниялармен b2b кездесті.
Сондай-ақ, батыстық туроператор өкілдеріне Алматыдағы таулы курорттарға, Чунджи ыстық бұлағы және Шарын шатқалына танымдық экскурсия ұйымдастырылды.
«Kazakh Tourism» ұйымдастыруымен өтіп жатқан шараның басты мақсаты – отандық турзмді одан әрі дамытуды талқылау. Және сол бағытта туроператорларға қолдау көрсетіп, бағдар беру. Ақпараттық турдың барысында еліміздің батыс өңірлерінен келген қатысушылар бірнеше аймақтың оның ішінде оңтүстік өңірде бар туристік нысандарымен танысты. Атап айтқанда, оның ішінде сауықтыру орындары, шипажайлар және балалар арналған туристік нысандар бар. Неге батыс аймақ дегенге келсек, біздің байқауымызша батыс жұртшылығына еліміздің туристік әлеуеті туралы ақпарат жетіңкіремейді. Осы олқылықты жою мақсатында біз аталған 4 аймақты таңдап алдық. Шара аясында туроператорлар арасында B2B шарасы ұйымдастырылып, олар өзара келісімге келуде. Және бұл өз жалғасын тауып, нәтижесін береді деген үміттеміз. Сол сияқты бұл тур өткен біз оның қорытындысы бойынша сараптама жасап, нәтижесін қадағалайтын боламыз», - деді «Kazakh Tourism» ұлттық компансының атаулы жобалар және шаралар департаментінің директоры Гаухар Жеңісбек.
«Елімізде ішкі туризмнің белсенді түрде өсуіне қарамастан, шет елдерге шығатын туристердің саны ішкі туристік ағыннан екі есе дерлік көп. Оның негізгі себептері, тиісті ұсыныс пен инфрақұрылымның жоқтығымен қоса, ақпараттың жетіспеушілігі болып табылады. Мысалға, елдің батыс аймақтарының тұрғындары Қазақстанның шығысында, не болмаса оңтүстігіндегі туристік мүмкіндіктерді біле бермейді. Сондықтан халыққа еліміздің туристік мүмкіндіктері жайлы ақпаратты тұрақты түрде бере отырып, оларды ел ішінде саяхаттауға ынталандыру керек. Әдетте, бұл жұмыстың басында турларды әзірлеп, жарнамалап және оны сататын отандық туристік компаниялар тұрады. Осы тұрғыда «Kazakh Tourism» АҚ ұлттық компаниясының ақпараттық тур ұйымдастыруы біз үшін маңызды», - деді Орал қаласындағы «Гермес тур» компаниясының туризм жөніндегі менеджері Лаура Хайрамбаева.
Үстіміздегі жылдың 20 мамыр күні басталған ақпараттық тур 30 мамыр күні Өскемен қаласында өз мәресіне жетеді.