Іс-шара барысында ықтимал серіктестерді іздеуге бағытталған іскер байланыстардың биржасы, миссияға қатысушылардың тікелей байланысы болады. Сондай-ақ, бұл шара екі өңір арасындағы кәсіби қарым-қатынастың дамуына бағытталып отыр.
Сауда-экономикалық миссия бағдарламасында Қазақстан мен Ауғанстан мемлекеттері тарапынан бизнесмендер мен ресми өкілдері қатысуы жоспарланған.
Анықтама: Қазақстанның Сыртқы сауда палатасы (ҚСП) 2014 жылдың 29 шілдесінде құрылған және «Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының еншілес компаниясы болып саналады.
Қазақстанның Сыртқы сауда палатасының алдына қойылған негізгі міндет – сыртқы экономикалық салада қазақстандық бизнес мүддесі тұрғысынан әрекет ету.