"Астана Банкі" АҚ иесі кім, банк қашан пайда болды, капиталы қанша? Today.kz үңіліп көрді.
"Астана Банкі" қалай пайда болды, қожайыны кім – Банк туралы не білеміз
"Астана Банкі" АҚ – қызметін бірден жекелеп және корпоративті сегментте ұсынатын жоғары технологиялы банк. Бұдан бөлек, банк ШОБ-ті (шағын және орта бизнесті) мемлекеттік қолдау бағдарламасы бойынша шағын және орта бизнеске қызмет көрсетеді.
Банктің басқарма төрағасы – Ескендір Майлыбаев. Директорлар кеңесіне Олжас Тоқтаров (төраға), Марат Дәулетбаев (тәуелсіз директор), Александр Шагубатов (тәуелсіз директор), Александр Клебанов (тәуелсіз директор) кіреді.
Басқарма мүшелері: Мұхтар Жанғабылов, Айдос Жұмағұлов, Мәди Лаушев.
Банк ашуға рұқсатты Қазақстан Республикасының қаржы ұйымдары мен қаржы нарығын қадағалау және тексеру бойынша Агенттігі 2008 жылы наурыз айында берген. Сол жылы 7 тамызда "Астана – Финанс" Банкі" АҚ банк және басқа операцияларды жүргізуге лицензия алған.
2008 жылдың қазан айында банк MasterCard International халықаралық төлем жүйесінің Affiliate Member статусын алып, Maestro, MasterCard Standard, MasterCard Gold және MasterCard Business төлем карталарын шығару құқығын иеленді.
2009 жылдың қаңтарында банк "Қазақстан финансистер Ассоциациясы" заңды тұлғалар қауымдастығының толық құқыққа ие мүшесі болды.
Сол жылы ақпан айында "Астана – Финанс" Банкі" АҚ "Даму" қорының шағын және орта бизнесті несиелеу бағдарламасына қатыса бастады.
2010 жылдың 28 мамырында "Астана – Финанс" Банкі" АҚ KASE валюта нарығының мүшелігіне қабылданды. Бұл категорияға мүше болу шетел валютасымен биржа саудасына қатысу құқығын береді.
2013 жылы енгізілген өзгеріске сәйкес, банк ребрендинг жүргізді, 2014 жылдан бастап "Астана Банк" деп аталады.
2018 жылдың 1 сәуіріндегі жағдай бойынша басты үлескерлер мыналар: Олжас Тоқтаров – директорлар кеңесінің төрағасы, оның үлесі 52,39 пайыз; "Фридом Финанс" АҚ – 9,39 пайыз; "Құнды қағаздардың орталық депозитарийі" АҚ – 8,48 пайыз.
2018 жылдың 1 қаңтарында банктің жарғы бойынша капиталы 42 миллиард теңгені құрады, өзіндік капиталы 48 миллиардан көп. Бірлескен актив 340 миллиард теңгеден асады.
"Астана Банкі" Қазақстанның сегіз аймағына қызмет көрсетеді. Бас кеңсесі Алматы қаласында орналасқан. 2008 жылдың қарашасынан бастап Астанада бөлімшесі пайда болды. Одан бөлек, Атырау, Ақтау, Шымкент, Қарағанды, Өскемен, Павлодар сияқты алты қалада бөлімшелері бар.
Банк жеке тұлғаларға кең қызмет ұсынады, оның ішіне депозит ашу, несие беру, төлем карталары, мобильді банкинг, ақша аударымдары, сейфке сақтау қызметтері кіреді. Заңды тұлғаларға көрсетілетін қызметтер мыналар – депозит, несие, факторинг, банк кепілдіктері, банк карталары, мемлекеттік бағдарламалар бойынша несие беру, интернет-банкинг.
Естеріңізге салайық, 18 сәуірде Нұрсұлтан Назарбаев аяғынан тұрып кете алмай жатқан банктерге мемлекеттен көмек сұрай беруді доғаруды ұсынды. Бұл тізімге "Эксимбанк", "Астана Банкі" мен Qazaq banki кірді. Президент банктер оларға салынған қаражатты қайтарулары керек екенін айтты.
"Астана Банкі" мемлекеттік қолдау бағдарламасы бойынша көмек алмағандарын мәлімдеді.
23 сәуірде банк ақша беру мен депозиттен ақша аудару қызметтерін шектеді.
24 сәуірде "Астана Банкінің" ҚР Ұлттық банкінен клиенттер алдындағы қарызын төлеу үшін шұғыл қарыз сұрағаны жария болды.
2 мамырда банк қолма-қол ақша беруге шектеу қойды. Заңды тұлғалар ағымдағы шоттардан, депозиттер мен төлем карталарынан шығыс операцияларын жүргізе алмайды. Кредиттік карталар шығыс карталарын жүргізуге қауқарсыз. Операциялар Western Union, Лидер, "Алтын тәж" жүйелері арқылы жүргізілмейді.
Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.
Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.
E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13