Көлік комитеті еске салады
Жазғы кезеңде ауа температурасының көтерілуіне және күн сәулелерінің тікелей әсеріне байланысты жол төсемесі тұтқырлық қасиетін жоғалтады, бұл автомобиль жолдарының тозуына соқтырады.
Осыған орай, автомобиль жолдарының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің м.а. 2012 жылғы 7 маусымдағы № 315 бұйрығымен жыл сайын Қазақстан Республикасының жалпы пайдаланымдағы республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында автокөлік құралдарының қозғалуына әр білікке түсетін салмақтары бойынша уақытша шектеулер енгізіледі.
Бұл ретте, ҚР ИДМ Көлік комитеті 2017 жылдың 1-маусымынан 31-тамызына дейінгі мерзім аралығында аталған іс-шара шеңберінде ауыр салмақты автокөліктерді бақылауды әкімшілік полиция, жергілікті атқарушы, сондай-ақ, басқа да мүдделі мемлекеттік органдармен қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жүргізіліп жатқанын еске салады.
Анықтама: Аталған шектеулер Алматы, Атырау, Жамбыл, Қарағанды (Жезқазған аумағы), Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан және Маңғыстау облыстарына тиісті жылдың 1 маусымынан 31 тамызына дейін, ауаның температурасы 25оС жоғары болған жағдайда сағат 11-00-ден 21-00-ге дейін, ал Ақмола, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды (Қарағанды аумағы), Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарына тиісті жылдың 1 маусымынан 15 тамызына дейін, ауаның температурасы 25оС болған жағдайда сағат 10-00-ден 22-00-ге дейін әрекет етеді.
*************************************
Комитет транспорта напоминает
В связи с повышением температуры воздуха в летний период, а также воздействия прямых солнечных лучей дорожное полотно теряет свойства вязкости, что приводит к износу автомобильных дорог.
В этой связи, в целях обеспечения сохранности автомобильных дорог приказом и.о. Министра транспорта и коммуникаций Республики Казахстан от 7 июня 2012 года № 315 ежегодно на автомобильных дорогах общего пользования республиканского значения вводятся временные ограничения движения автотранспортных средств по допустимым осевым нагрузкам.
В связи с чем, напоминаем о том, что с 1 июня по 31 августа 2017 года Комитетом транспорта МИР РК ведутся работы по обеспечению контроля за проездом тяжеловесных автотранспортных средств совместно с органами административной полиции, местными исполнительными органами и другими заинтересованными госорганами.
Справочно: вводимые ограничения действуют для Алматинской, Атырауской, Жамбылской, Карагандинской (Жезказганский регион), Кызылординской Южно-Казахстанской и Мангистауской областей
с 1 июня по 31 августа с 10-00 до 22-00 часов при температуре воздуха выше 25оС. Для Акмолинской, Актюбинской, Восточно-Казахстанской, Западно-Казахстанской, Карагандинской (Карагандинский регион), Костанайской, Павлодарской и Северо-Казахстанской областей с 1 июня по 15 августа с 11-00 до 21-00 часов при температуре воздуха выше 25оС.