М.Үсеновке әкімшілік хаттама толтырылды
16.06.2017, 17:55

М.Үсеновке әкімшілік хаттама толтырылды

ҚР Инвестиция және даму министрлігінің Азаматтық авиация комитетінің қызметкерлері 2017 жылдың 16 маувсымында Мақсат Үсеновке қатысты азаматтық хаттама толтырды. Бұл туралы ҚР ИДМ-нің ресми өкілі Мұрат Жұманбай мәлімдеді, деп жазады sn.kz.

Оның айтуынша, хаттама ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 564-бабының 5-бөлігі бойынша ("Әуе кемесіндегі жолаушылар ретіндегі адамдардың ұшу қауіпсіздігіне қатер төндіретін жағдай жасауы") толтырылған.

Бұл заңбұзушылықты жеке тұлғалар жасаса, екі жүз АЕК мөлшерінде (453 800 теңге) айыппұл салуға не он бес тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға әкеп соғады.

Еске салайық, Мақсат Үсенов Алматы-Багкок рейсін орындаған әуе кемесінің бортында табак өнімін қолданған, бұған ұлттық және халықаралық талаптар бойынша тыйым салынған. Іс материалдары Мақсат Үсеновтің тұрғылықты мекен-жайы бойынша сот органына жолданады.

Айта кетейік, ҚР көлік прокурорының бірінші орынбасары Алпысбай Тұрсынбеков Tengrinews.kz тілшісіне берген сұхбатында Мақсат Үсеновтің Алматыға қалай келгенін айтып берген болатын. Яғни, Мақсат Үсенов Алматыға 14 маусымда Бангкок рейсімен ұшып келуі тиіс болатын. Алайда қазақстандық Алматыға сол күйі оралмаған еді.

Осылайша, Мақсат Үсенов Астанада қалып қойды. ҚР Бас көлік прокуратурасындағылар Tengrinews.kz тілшісі жолдаған сауалға берген жауабында ҚР желілік ішкі істер органдарының барлығы Үсеновке Алматының Желілік ішкі істер бөліміне келуі тиіс екені жайлы шақыру қағазын жолдағанын айтты.

"Біз оны ұзақ іздеген жоқпыз. 14 маусымда ол Астанаға келді. Кеше түнде Алматыға көлікпен келді. Жергілікті Желілік ішкі істер бөліміне барды. (…) Ол қылмыскер емес. Біз оған шақыру қағазын берейін дедік. Енді міне оны таптық. Басқа мәлімет білмеймін. Бұл мәселемен желілік ішкі істер бөлімінің қызметкерлері айналысып жатыр. Оны тапты. Оған келсін деді, өзі келді", - деді Алпысбай Тұрсынбеков.

Оның айтуынша, құқық қорғау органдары оның әрекетінде ешқандай қылмыстық құқық бұзушылықты анықтамады. "Сондықтан ол әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Үсенов ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің үш бабы бойынша айыпталып отыр. Ұсақ бұзақылық үшін он тәулікке қамауға алынды. Бұл осы бап бойынша берілетін максималдық жаза. Сондай-ақ, оған үш айлық есептік көрсеткіш ретінде айыппұл салынды. Әкімшілік хаттама толтырылды. Ол азаматтық авиация комитетінің заңдары қайшы ереже бұзушылық жасады. Осы бап бойынша да жауапкершілікке тартылатын болады", - деді ҚР көлік прокурорының бірінші орынбасары Алпысбай Тұрсынбеков.

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер