ЭКСПО импульсі: Қазақстан ЭЫДҰ Халықаралық инвестициялар және көпұлтты кәсіпорындар туралы Декларациясына қосылды
16.06.2017, 17:30

ЭКСПО импульсі: Қазақстан ЭЫДҰ Халықаралық инвестициялар және көпұлтты кәсіпорындар туралы Декларациясына қосылды

X Астана экономикалық форумы аясында Қазақстанның инвестициялық саясатына екінші шолу таныстырылды. Құжат елдегі бизнес ортаны жақсартуға бағытталған, деп хабарлайды ҚР ИДМ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып silteme.kz тілшісі. 

Еліміздің инвестициялық тартымдылығын жақсарту мәселелеріне арналған сессия барысында сондай-ақ Қазақстанның ЭЫДҰ Халықаралық инвестициялар және көпұлтты кәсіпорындар туралы Декларациясына қосылғаны хабарланды. Осылайша еліміз әлемнің 48-ші мемлекеті болып, шетелдік инвесторлар үшін қолайлы әрі ашық орта қалыптастыруға ниетті екенін жариялады.

Өз сөзінде ҚР Инвестициялар және даму вице-министрі Е.Хаиров сарапшылар тобының екінші шолуды дайындау кезіндегі айрықша үлесін атап өтіп, олардың қажырлы еңбектері үшін, сондай-ақ Қазақстанға көрсеткен ерекше қолдауы үшін алғыс айтты.

«Инвестиция үшін бәсекелестік ешқашан тоқтамайды, біздің міндет осы күресте әрқашан да алда болу. Сондықтан, біз аталған ұсыныстарды жоғары бағалаймыз және оны сапалы енгізу Қазақстан экономикасын нығайту процесінде өте маңызды. Қазақстанның инвестициялық ахуалын жақсартуға қосқан үлестеріңіз бен пайдалы ұсыныстарыңыз және жемісті еңбектеріңіз үшін ЭЫДҰ Хатшылығына және әріптестерге алғыс білдіремін», - деп атап өтті Ерлан Хаиров.

Қазақстан соңғы 5 жылда ЭЫДҰ сарапшыларымен бірге елдегі инвестициялық ахуалды жақсарту бойынша ауқымды жұмыстар атқарды. Әкімшілік кедергілер жойылып, инвесторларды ынталандырудың тың шаралары енгізілді. Азаматтары Қазақстанға визасыз келіп-кететін елдердің тізімі кеңейтілді. Биыл 1 қаңтардан бастап ондай елдердің саны 56 болды. Сондай-ақ, шетелдік жұмысшы күштерін тарту жағдайы жетілдіріліп, Жоғарғы сот жанынан инвестициялық дауларды қарайтын мамандандырылған сот алқасы құрылды.

Азаматтық қоғам мен инвесторлар арасында кері байланыс орнату мақсатында бизнесті енгізуге жауапты Ұлттық байланыс орталығы құрылды.

ЭЫДҰ ұсыныстарына сәйкес, Дүниежүзілік банкпен бірге Инвестиция тарту жөніндегі Ұлттық стратегия әзірленді. Стратегия ЭЫДҰ жаңа ұсыныс пакеттеріне сәйкес, инвестиция тартудың және инвестициялық ахуалды жақсартудың нақты механизмдерін анықтайды.

«Инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі жұмыстар мұнымен тоқтамайды. Біз Қазақстанның инвестициялық ахуалын ЭЫДҰ-на мүше елдердің алдыңғы қатарлы стандарттарына сәйкестендіру үшін барлық күш-жігерімізді саламыз», - деп атап өтті вице-министр.

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер