Қытай билігі юаньді құнсыздандырды
11.05.2017, 10:14

Қытай билігі юаньді құнсыздандырды

Қытайдың қаржы билігі жергілікті экспорттаушыларға берген уәдесінде тұрып, төл валюталарын құнсыздандырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Сәрсенбі күні таңертең сауда нарығында қытай юанінің АҚШ долларына шаққандағы бағамы биылғы көктемдегі ең төменгі межесіне түсті. Елдің Ұлттық банкі капиталдың жылыстауын тоқтату және маусым айында АҚШ долларының нығаюы мүмкіндігінен юаньді сақтандыру мақсатында бақыланатын девальвация жасау туралы шешім қабылдады. 10 мамыр күні ҚХР-дың ұлттық валютасының бағамы бір АҚШ доллары үшін 7,12 юаньді құрады. Ал кеше елдің Ұлттық банкі юаньнің бағамын 6,90-ға дейін әлсіретті. Бұл соңғы екі айдағы ең төменгі көрсеткіш, деп хабарлайды Bloomberg. Қытай билігі ел ішіндегі капитал ағынын басқару мақсатында соңғы екі жыл бойы жоспарлы түрде бақыланатын девальвация өткізіп келеді. Мәселен, 2015 жылы юаньнің бір долларға бағамы - 6 пайызға, 2016 жылы 6,7 пайызға төмендеді. ҚХР-дың 2017 жылы ұлттық валютаны құнсыздандыруы, сондай-ақ капиталдың жылыстауымен байланысты.

 

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер