«FITUR» («Ifema. Feria de Madrid» көрме кешені) халықаралық көрмесі Еуропа аумағындағы ірі әлемдік туристік шаралардың бірі болып табылады. Биыл көрмеге әлемнің 165 елінен 9500-ден астам туристік нарықтың нағыз кәсіби мамандары қатысады.
«FITUR» көрмесіндегі Қазақстанның ұлттық стендін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі Туризм индустриясы департаментінің ақпараттық қолдауымен "ЭКСПО-2017" АҚ құрады.
Көрмеге қатысу үшін толық мәліметті "ЭКСПО" АҚ-ның өкілі Сәуле Бөлебаеваға bulebayeva@gmail.com электронды адресі бойынша жіберуге болады.