Учаскеде 2 су өткізгіш құбыр бар. Ағыстың қатты жылдамдығын және су өткізгіш құбырларымен қоса жол төсемінің шайылып кету қауіпін ескере отырып, 4 сәуірге қараған түні еріген қар суын ағызу және су деңгейін төмендету үшін ені 20 метр болатын жасанды су айырық жасау шешімі қабылданды. Бұл учаскеде уақытша жол қозғалысына шектеу қойылған болатын.
Су ағысы төмендегеннен кейін «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ, «Казақавтожол» РМК және «Акжол»ЖШС мердігерлік ұйымы жергілікті атқарушы билікпен бірлесе отырып, жолды тез арада қалпына келтіру үшін қажетті құрал-жабдықтар мен жол техникасын және барлық күшті жұмылдырды. Су айырық орнында қосымша диаметрі 1,2 метр болатын су өткізгіш құбырлары орналастырылды. Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі аймақтық жедел штабы қызметінің үйлесімді жұмысының нәтижесінде учаскедегі қозғалыс бір тәулік ішінде қайта қалпына келтірілді.