Қазақстан мен көрші елдер арасында 134 бағыт бойынша автобус қатынайды
03.04.2017, 09:51

Қазақстан мен көрші елдер арасында 134 бағыт бойынша автобус қатынайды

ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Көлік комитетінің дерегі бойынша халықтың қажеттілігін қамтамасыз ету үшін Қазақстан қалалары мен Ресейдің, Қытайдың, Қырғыз Республикасы мен Моңғолияның елді мекендері арасында 134 бағыт бойынша тұрақты халықаралық автобус қатынасы ұйымдастырылған.

Айталық, 90 бағыт Ресей Федерациясының Омбы, Новосибирск, Барнауыл, Томск, Орынбор, Челябинск, Екатеринбург сияқты және басқа қалаларына, 36 бағыт ҚХР-ның Үрімжі, Инин, Тачен, Алтай, Зимунай қалаларына, 8 бағыт Қырғыз Республикасының Бішкек, Токмак, Чолпан-Ата қалаларына және 1 бағыт Баян-Өлгей аймағына(Моңғолия) қатынайды.

Тұрақты халықаралық жолаушылардың автомобиль бағыттарының реестрі http://transport.mid.gov.kz/ru/kategorii/avtomobilnyy-transport-0 сілтемесіне сәйкес ҚР ИДМ сайтының Көлік комитеті «Автомобиль көлігі» бөлімінде жарияланған.

Мәлім болғандай, 2017 жылдың 23 наурызында Өзбекстан Республикасымен Халықаралық автомобиль қатынасы туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттамаға қол қойылды. Аталмыш ратификация Өзбекстан Республикасының қалаларымен де тұрақты бағыттарды ұйымдастыруға мүмкіндік береді.

Жалпы, 2016 жылы халықаралық қатынаста автобуспен тасымалдаушылар шамамен 5 млн. жолаушығы қызмет көрсеткен.

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер