Іс-шара стартап жобаларға қолдау көрсетуге бағытталған 3 байқауды біріктірді: «Startup Day», «TG Cup» және «Microsoft Imagine Cup».
Іс-шараны ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің қолдауымен Almaty Tech Garden ұйымдастырды. Microsoft Kazakhstan және «Тұран» университеті шараның әріптестері ретінде қатысты.
«Startup Day» инновациялық жобалар байқауының нәтижесі бойынша 4 үздік жоба анықталды:
«OrionМ2М»: Деректерді қашықтан жинау мен табыстауға арналған шешім (LPWAN желісі) - 1 000 000 теңге; Резонанстық маятникті жел қозғалтқышын әзірлеу: жел әсерінен конструкция ішінде резонанс туғызатын инженерлік шешім - 500 000 теңге; Шыны болат негізіндегі электрөткізуші текстиль: шынымата негізінде көміртек нанотүтікшелермен қапталған электрөткізуші текстильді жасау технологиясы - 250 000 теңге; «LinguaHub»: тіл үйрену курстарын іздеу мен тіркелуге арналған онлайн плтаформа - 250 000 теңге.TG CUP хакатонының нәтижесінде, қазақстандық Starttime.kz краудфандинг компаниясының маселесін шешу жолын ұсынған «Bizmo» жобасы марапатталды (құжаттарды цифрлық жолмен тексеру мүмкіндігі бар, келісімшарттарды тапсыруға арналған веб-сервисті құру). Қазіргі уақытта серіктестік орнату мәселесі қарастырылып жатыр.
Студенттер арасындағы технологиялық «Microsoft Imagine Cup» байқауының жеңімпазы «Ontime» жобасы болды: ұйқыға, жұмысқа, спортқа, әлеуметтік желілерге жұмсалған уақытты тіркейтін мобильді қосымша. Жобаны әзірлеген топ мүшелері Қазақстан атынан Киев қаласында өтетін өңірлік финалға қатысады. Өңірлік финалдың жеңімпазы АҚШ-та өтетін, жүлде қоры 100 000 долларды құрайтын жаһандық финалға қатысу мүмкіндігіне ие болады.
Барлық байқаулардың нәтижесінде Almaty Tech Garden акселерациялық бағдарламасына келесі 8 жобалар өтті: «Novus Capital», «Mineral», Фролов Кирилл (TG CUP хакатонының қатысушысы), «Programmator», «Шыны болат негізіндегі электрөткізуші текстиль», «Маятникті жел қозғалтқышты әзірлеу», «OkAuto» және «Ontime».
«Тұран» университетінің фирмалық жүлделеріне ие болған жобалар келесідегідей: «Novus Capital», «Mineral», «Programmator», «Ontime», «Mbionics», «bee», «Маятникті жел қозғалтқышты әзірлеу», «OkAuto», «Orion M2M».