«ЭКСПО-2017» көрмесі кезінде Астанаға аймақтардан қосымша 14 жолаушылар және қала маңындағы пойыздар жіберіледі
28.03.2017, 17:23

«ЭКСПО-2017» көрмесі кезінде Астанаға аймақтардан қосымша 14 жолаушылар және қала маңындағы пойыздар жіберіледі

Жергілікті атқарушы органдардың болжамдық деректеріне сәйкес, 2017 жылдың жазғы маусымында аймақтардан Астана қаласына «ЭКСПО-2017» көрмесін көру үшін келетін жолаушылар саны 1 855 934 адамды құрайды. Оның ішінде теміржол көлігімен келетіндер 935 271 адам болады.  2017 жылдың 27 ақпанында Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму вице-министрі Р.Склярдың төрағалығымен жергілікті атқарушы орган әкімдерінің осы мәселеге жауапты орынбасаралары қатысқан селекторлық кеңес өтті. Онда халықаралық көрмеге келетіндерді тасымалмен қамтамасыз ету бойынша Бірлескен жоспар құрылды, деп хабарлайды ҚР ИДМ баспасөз қызметі.

Алдын ала деректер бойынша, көрме кезінде жолаушылар ағынын теміржол көлігімен қамтамасыз ету үшін Астана теміржол стансасы арқылы жүретін бағыттарды 44-тен 58-ге дейін ұлғайту жоспарлануда. «Тұлпар-Тальго» вагондарынан жасақталған және 14 жолаушылар мен қала маңындағы пойыздар мына бағыттар бойынша қатынайды:

1) Астана – Шымкент;

2) Астана – Маңғыстау;

3) Астана – Атырау;

4) Астана – Орал;

5) Шымкент – Астана;

6) Маңғыстау – Астана;

7) Орал – Астана;

8) Қостанай – Астана;

9) Жамбыл – Астана;

10) Алматы – Астана;

11) Алматы – Астана;

12) Карағанды – Астана (қала маңы);

13) Көкшетау – Астана (қала маңы);

14) Атбасар – Астана (қала маңы).

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер