Біз транзиттік-көлік саласындағы Еуразиялық әлеуетті мейлінше жүзеге асыруға мүдделіміз - Ж.Қасымбек
28.02.2017, 00:40

Біз транзиттік-көлік саласындағы Еуразиялық әлеуетті мейлінше жүзеге асыруға мүдделіміз - Ж.Қасымбек

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Ж.Қасымбек ҚХР Көлік министрі Ли Сяопэнмен кездесті. Өзінің әріптесімен кездесуі туралы министр фэйсбук парақшасына былай деп жазды:

"Қытайға жасаған жұмыс сапарымда ҚХР Көлік министрі Ли Сяопэнмен кездесіп, нәтижелі диалог құрдық. Бүгінгі таңда екі ел арасындағы ынтымақтастық жан-жақты стратегиялық әріптестікке айналды. Биыл индустрия, көлік салалары бойынша бірлескен жаңа кәсіпорындарды іске қосу жоспарланып отыр және экономиканың түрлі салаларын қамтитын жаңа жобалардың құрылысы басталады. Біз транзиттік-көлік саласындағы Еуразиялық әлеуетті мейлінше жүзеге асыруға мүдделіміз. Сарапшылардың бағалауынша, 2020 жылға қарай аймақтағы сауда көлемі 1,2 трлн. долларға жетеді. Ал, Қытай мен Еуропалық одақ арасындағы тауар айналым 800 млрд. долларды құрайтын болады, жүк тасымалының көлемі 170 млн. тоннаға дейін артады. Біз үшін Қытайдан Орталық Азия елдеріне, Ресей, Еуропа, сонымен қатар, Иран мен Таяу Шығыс елдеріне контейнерлік тасымалды арттыру өзекті мәселе болып тұр. Қытай-Қазақстан-Еуропа бағыты бойынша контейнерлік жүк тасымалдау ұтымды жол. Қытай-Еуропа бағыты бойынша 2016 жылы қаңтар-қараша айлары аралығында 725 пойызбен 62 816 контейнер тасымалданды. Ал, Еуропа-Қытай бағыты бойынша 30 187 контейнер тасымалданған. Пойыздардың орташа жылдамдығы тәулігіне 950 шақырымды құрайды. Сондай-ақ, біз көрші елмен авиация саласындағы ынтымақтастықты нығайтуды жоспарлап отырмыз. Биыл Алматы-Бейжің әуерейсі аптасына 5-тен 7-ге дейін, ал, Астанадан Бейжіңге аптасына 2-ден 4-ке дейін артатын болады. Астана-Үрімші және Алматы-Үрімші бағыттарына қосымша рейстер шығатын болады", делінген жазбада.

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер