Ал Астана – Өскемен бағыты бойынша 2013 жылдан бері Астана – Павлодар (441 шақырым) және Павлодар – Семей – Қалбатау (473 шақырым) учаскелерінде жол құрылысының жұмыстары жүріп жатыр. Бүгінгі таңда 218 шақырым жол пайдалануға берілді. Оның 47 шақырымы Астана – Павлодар, 171 шақырымы Павлодар – Семей – Қалбатау учаскелеріне тиесілі. Биыл бұл бағытта 516 шақырым жолдың (Астана – Павлодар – 394 шақырым, Павлодар – Семей – Қалбатау – 122 шақырым) құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Жыл соңында Астана – Павлодар учаскесінің 200 шақырым болатын бір бағытын ашу және 12 шақырымды құрайтын Ертіс өзені арқылы өтетін көпірдің құрылысын аяқтау жоспарланып отыр.