Қазақстан – Қытай сауда-экономикалық байланыстары нығая түсті
05.09.2016, 19:32

Қазақстан – Қытай сауда-экономикалық байланыстары нығая түсті

Қытайдан 51 кәсіпорын қазақстанға көшіріледі. Қытайда өтетін G20 саммиті қарсаңында Синьхуа агенттігі мен басқа да ақпарат құралдарына сұхбат берген Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев осылай мәлімдеді.

Екі ел арасында көлік қатынасынан басқа, өнеркәсіп саласы да маңыздылыққа ие көрінеді. Екі елдің үкіметі Қытайдың өнеркәсіп күштерін Қазақстанға көшіру жөніндегі бағдарлама құрған. Қазіргі таңда көшірілетін нысандар тізіміне жалпы құны 26,2 миллиард долларды құрайтын химия өнеркәсібі, кен-металлургия, машинажасау, инфрақұрылым, энергетика, агроөнеркәсіптік кешен, жеңіл өнеркәсіп, мұнай өңдеу, құрылыс материалдарын шығару мен ақпараттық технологиялар секторына тиесілі 51 жоба енген.

Бұл 51 жобаның ішінде екеуі – ұнтақты полипропилен және жеңіл автокөлік шығару жобалары іске қосылып та қойған.

Президент сұхбат барысында Қазақстанның Қытаймен сауда-экономикалық байланыстарды күшейтуге мүдделі екендігін, «Жібек жолы» экономикалық белдеуі идеясын қызу қолдайтынын айтқан.

«Қытай тарапы үш негізгі бағытты анықтап отыр. Оның екеуі, Қытайдан Орталық Азия, Ресей арқылы Еуропа/Балтық теңізі, Қытайдан Орталық Азия, Батыс Азия арқылы Парсы шығанағы және Жерорта теңізі бағыттары Қазақстанның «Нұрлы жол» инфрақұрылымдық бағдарламасын толықтырады», - дейді Н. Назарбаев.

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер