- ЭКСПО-2017 ұйымдастырушы кеңсесінде «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасы Ахметжан Есімовтің Бразилия ұлттық секторының комиссары Золтир Чиапеттимен және Бразилия Федеративтік Республикасының Қазақстан Республикасындағ
ы Төтенше және Өкілетті елшісі Деметро Буэно Карвальомен кездесуі өтті, деп хабарлайды Silteme.kz. Кездесу барысында Ахметжан Есімов бразилиялық тарапты Көрмені дайындау бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар жайлы хабардар етті.
-
«Дүйсенбіде (31.10.2016 ж.) біз алғаш халықаралық павильондарды, сонымен қатар пәтерлерді ЭКСПО-ға қатысушы мемлекеттерге табыстауды бастаймыз»,- деп атап көрсетті ұлттық компания Басқармасының Төрағасы.
Өз кезегінде Золтир Чиапетти жаңартылатын энергия көздері бойынша өз әзірлемелерін Астана қаласындағы ЭКСПО-2017 көрмесінде көрсету мүмкіндігі үшін алғыс білдірді.
-
«Біз үшін бұл өте маңызды оқиға, өйткені Бразилияда жаңартылатын энергия көздерінің үлесі 73,5% шамасын құрайды. Бұл біздің болашақ энергиясы бойынша әзірлемелерімізд
і көрсету мүмкіндігі. Елде гидроэнергетика, жел, күн және басқа энергиялар өте дамыған. Біз осы Көрмеде сіздердің үміттеріңізді ақтауға тырысамыз», - деп мәлімдеді Бразилия ұлттық секциясының комиссары. Бүгінгі күнге ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысуды ресми түрде 105 ел растады, 101 ел өздерінің ұлттық комиссарларын тағайындады. Қазіргі мезетте компания экспозициялардың жобаларын қабылдауға кірісті.
26.10.2016, 12:22
31 қазаннан ЭКСПО-2017 павильондарын халықаралық қатысушыларға табыстайды
Пікір жазу