Сенат 2016-2018 жылдарға арналған республикалық қаржыны есептеді
07.10.2016, 14:55

Сенат 2016-2018 жылдарға арналған республикалық қаржыны есептеді

Сенат депутаттары «2016 - 2018 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заңға өзгерістер мен толықтыруларды да бекітті, деп хабарлайды baq.kz.

 Қасым-Жомарт Тоқаевтың басқаруымен өткен сенаторлар отырысында Жоғарғы Палата «Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2016-2018 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы» заңға өзгеріс енгізу туралы» заңға түзетуді қабылдады.

Сонымен қатар, Сенат депутаттары 2016 жылғы республикалық бюджеттің болжамды шығындары осыған дейінгі жоспарға қарағанда 379,9 млрд теңгеге көбейіп, 8,647 трлн теңге деп есептелгендігін айтты.

Қосымша бюджет қаржысынан 283,4 млрд теңге экономикалық өсімді ынталандыруға, 70,2 млрд теңге ел қауіпсіздігін арттыруға және тағы 136,4 млрд теңге басқа да жобаларды атқаруға жұмсалатын болады.

Сенат болжамы бойынша, 2016 жылы республикалық бюджет тапшылығы бұрынғы күйінде қалады, яғни 902,7 млрд теңгені немесе ЖІӨ-нің 2%-ын құрайды.

«Бүгінгі қабылданған заңдар еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына, халықтың әл-ауқатын жақсартуға оң әсерін тигізеді. Үкімет алдағы уақытта заңдарға енгізілген өзгерістерге сәйкес тиісті шараларды орындайды және депутаттар айтқан ұсыныстарды ескереді деп біз сенеміз" - деді Төраға Қ.Тоқаев отырыс барысында.

Сондай-ақ ведомство, Ұлттық қордан республикалық бюджетке баратын кепілдендірілген трансферт 2,479 трлн теңгеге дейін төмендеді. 2016 жылғы бюджетке түсетін табыс көлемі мен Ұлттық қор қаржысын сақтау мақсатында осындай шешім қабылданған.

 Қыр баласы

 

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер