«Жаңа тариф бойынша халық тұтынатын газдың 1 мың текше метрі 6404,90 теңгеге бағаланды. Осыған дейін баға 6021,42 теңге болған», - деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің Атырау облысы бойынша департаменті.
Еске сала кетейік, жуырда өңірде қоғамдық тыңдау болып, онда газ жеткізушілер бағаның үш жыл бойы өзгермегенін айтып, тарифті көтеру туралы шешімдерін ақтауға тырысқан еді. Бағаны жоғарылатудан түскен қаржы инфрақұрылымды жаңарту үшін және газ құбырларын шалғай елді мекендерге тарту үшін жұмсалатынын айтқан еді.