Дүкенге келіп өзін сауда өкілі ретінде таныстырған азамат сатушыға үш қорап "Чемпион" шайын берсең, 10 қорап тауық етін әкеліп беремін деп уәде етеді. Бірақ, сатушы шайды әкелген бойда, күдікті қашып кетеді.
Ол осылайша сатушыға 78 000 теңге шығын келтірген. Сотта өз ісіне өкінетінін айтқан сотталушы, өзін қатаң жазаға кеспеуді сұрап, шығынды өтуге уәде берді.
Сот кінәлі адамды Қылмыстық кодекстің 190 бабы 1 бөлімімен айыпты деп танып бір жылға пробациялық бақылаумен бас бостандығынан айырды.