Жиын барысында өңір басшысы экономиканы әртараптандыру және оны дамыту үшін инвесторларға қолайлы ахуал жасау, инвестиция саласына байланысты нормативтік – құқықтық базаны жетілдіру қажеттігіне тоқталды. Кеңесте Үкімет басшысының қатысуымен өткен жиында облысымызда жүзеге асырылып отырған жобалардың іске асу барысы талқыланды.
«Оңтүстік Қазақстан облысы аграрлық аймақ. Басқа салаларда да басымдықтарға иеміз. Сондықтан «Kazakh Invest» акционерлік қоғамының өңірлік филалының жұмысын күшейту қажет. Елордамыз Астана қаласы мен басқа өңірлерде өтіп жатқан халықаралық маңызға ие бизнес шараларға белсене қатысып, инвесторларды тартуға ықпал етуі керек. Сондай-ақ, облыс әкімдігіне қарасты барлық басқармалар мен құрылымдар инвесторлармен жұмыс істеуде мәдинетті және барлық талаптарға лайықты болуы тиіс. Іске қосылғалы отырған кәсіпорындарды қажетті инфрақұрылымдық жүйелермен дер кезінде қамтуға негізгі басымдық берілуі керек», - деді Жансейіт Қансейітұлы.
Кеңес барысында облыс әкімі «Аsia Trafo», «Gold Aluminum», «Green Technology», «Golden Camel Group Ltd» компанияларының басшыларының өтініш-тілектерін тыңдады. «Аsia Trafo» ЖШС директоры Серғазы Күнтуаров электр мен газ қажеттігін жеткізсе, «Green Technology» Жеңісбай Сұлтанов қондырғыларды іске қосуға келетін шетелдік мамандардың виза мәселесін көтерді. «Golden Camel Group Ltd» компаниясының басшысы Ли Хуэй биылғы жақын арада 30-ға жуық жергілікті тұрғындарды жұмысқа қабылдайтынын жеткізді. Осы ретте сөз алған облыс әкімі құрғақ шұбат өндіретін кәсіпорынға қажетті түйе сүтінің көлеміне алаңдаушылық білдірді. Оның 9 мыңы ғана аналық саналады.
Жалпы Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облысытарындағы түйе саны 70 мыңнан асады. Осыны ескерген өңір басшысы алдағы уақытта өзге облыстармен де тығыз байланыс орнатып, зауыттың қажеттілігін орындап отыруға болатынын жеткізді. Сондай-ақ, тиісті басқарма басшыларына өңіріміздегі түйе шаруашылығын дамыту мақсатында нақты тапсырмалар жүктеді.