Бразилия теңіз түбінен мұнай өндіруді бастауы мүмкін
28.02.2018, 16:33

Бразилия теңіз түбінен мұнай өндіруді бастауы мүмкін

Бразилия теңіз түбінен мұнай өндіруді бастауы мүмкін National Geographic Қазақстан

Латын Америка елдері мұнай саласында шетелдік компаниялардың жұмыс істеуіне рұқсат бере бастады. Сарапшылар мұны «еркін нарық қағидаларының жеңісі» деп бағалап отыр. Болашақта қара алтынның бір  баррелі 60 долларға дейін өссе, Бразилияда теңіз түбінен мұнай шығару жаппай қолға алынуы мүмкін. Бұрын мұндай әдіс тиімсіз саналып келген еді. Ал енді неліктен сұраныс туындап отыр?

 

Жақында ғана әлемдік бизнестегі бетке ұстар тұлғалар «теңіз түбіндегі мұнайды өндіру көп қаржыны қажет етеді әрі техникалық тұрғыда қиын» деп бағалаған еді. Сол себепті де осы уақытқа дейін мұнайды жер астынан алу әдісі тиімді саналып, ұзақ уақыт оған басымдық беріліп жүрген. Алайда Бразилия мен Мексика бұл үрдісті өзгертуге ниетті. Осыдан бірнеше күн бұрын Мексика шығанағының теңіз түбіндегі мұнай кен орындарын игеру құқығы ауқымды аукционда саудаға шығарылды. Ондағы аймақтың жалпы көлемі 70 мың шаршы шақырым және ол жерден 4 млрд баррельге дейін қара алтын өндіруге болады екен.   

Пауло Акрисио, журналист:

- Бразилия мен Мексика билігін мұндай жағдайға баруға өмірдің өзі икемдеді. Қара алтын құнының құлдырауы мемлекеттік мұнай компанияларын ретсіз өсірудің тиімсіз екендігін дәлелдеді. Ешқашанда бір орында тұрмау керек. Әрдайым жаңашылдықты ойлап, алға жылжу қажет. 

Парсы шығанағын санамағанда, әлемдегі келешегі зор кеніштерді пайдалануға құқығы болғанына қарамастан, Бразилия мен Мексиканың екі бірдей мұнай алпауыты.. қарызға белшесінен батып отыр. Берешек сомасы жүздеген миллард долларды құрайды. Қосымша салымсыз қалған фирмалар қарыздарын жауып, салықтарды төлей алмаған. Осы себепті мұнай өндіру саласында 80 жылдан астам монополия жүйесін сақтап келген Мексика үкіметі шетелден әріптестерін көмекке шақыруға мәжбүр болды. Бразилия мен Мексика қайраң учаскелеріне құқықты сату жөніндегі алғашқы аукциондарын 2016 жылы да өткізген еді. Бірақ сол кезде мұндай ұсынысқа қызығушылық білдіргендер аз болды.

Даниэль Леал Моседо, Пара университетінің профессоры:

- Мұнай қоры мол болғандықтан қайраң жобалары табыс әкеледі. Тереңде мұнай өндірудің бір артықшылығы бастапқыда ауқымды шығынды талап етсе де, кен орны пайдалануға берілгеннен кейін оған көп қаражат кетпейді. 

Сарапшылардың пікірінше, тіпті бұл жаңалықтар да таяу жылдары мұнай саласындағы қалыптасқан жағдайды өзгертпейді. Теңіз түбінен шығарылған мұнай әлемде мұнайға артып бара жатқан сұранысты өтейді. Тек жаңа ғаламдық дағдарыс болған жағдайда, өндірушілер арасындағы бәсеке күшейе түседі.

©Анна Орлова, Рафаэль Франзони

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер