Қазақстан бишілері самайына ақ түскенше билеу керек
05.12.2017, 12:16

Қазақстан бишілері самайына ақ түскенше билеу керек

Еңбек министрлігі балет әртістерін мерзімінен бұрын зейнеттік демалысқа шығаруға мүлдем келіспейтіндерін айтты. Шенеуніктер бишілердің жұмысы қанша қиын болса да, заңмен бекітілген уақыты келмейінше оларды ерте демалысқа жібере алмаймыз деп отыр. Бұл туралы КТК телеарнасына сілтемемен silteme.kz хабарлайды.

«Бұл бірнеше жылдан бері айтылып келе жатқан маңызды мәселе. Бірақ, жауабы жалғыз: Еңбек министрлігі балет бишілері мен оркестр қызметкерлерінің зейнеттік жасын төмендетуді жоспарлап отырған жоқ», - дейді ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Светлана Жақыпова.
Бишілердің зейнеткерлік жасына қатысты мәселені бұған дейін мәжіліс депутаттары көтерген болатын.

Жалпы, Қазақстан ТМД елдері арасында балет әртістерін қартайғанша сахнада ұстайтын жалғыз мемлекет екен. Еңбек министрлігіндегілер биші әйелдер 50 жасқа, ал ер-азаматтар 55-ке толғанда зейнеткерлік аннуитет құқығын пайдалансын дейді. Яғни, балет әртістері үшін театрлар еңбекақы қорына қосымша 5 пайыздық төлем аударады. Яғни, осы қаржы арқылы зейнеткерлікке қажетті соманы ерте жинап, елден бұрын  демалысқа шығуға болады екен. Ал, мәдениет министрлігінің есебінше, бүгінде елімізде бары-жоғы 500 биші бар.  

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер