«Тәтті сайысқа» қатысқан Қазақстанның шоколады әлемдегі ең тәтті болып танылды. Сүт, жеміс-жидек пен жаңғақ қосылған сан алуан кондитерлік өнімдер көпшілік назарына ұсынылды. Өз жерінде шоколад шығарылмайтын елдер какао-боб қосылған торт пен тоқаш, пудинг пен мусс әкелді. Мыңдаған дәмдер арасынан Қазақстан жайған дастархан ел назарын ерекше аударды. Еліміздің кондитерлік фабрикалары жеткізіген тәттінің неше түрі талайды таңдай қақтырды. Тіпті Австрияның БҰҰ жанындағы тұрақты өкілі Ян Киккерт «Қазақстан шоколады тәттілігі жағынан бельгия және швейцария өнімнен асып түсті» деді. Сөйтіп, біздің еліміз әлемге танымал шоколад брендтеріне едәуір бәсекелестік тудырды. Енді осыған байланысты фестивальға қатысушылар тек қазақстандық тәттіні тоқбасар ретінде тұтынатын болды. Словакияның БҰҰ жанындағы тұрақты өкілі Франтишек Ружичка Қазақстан шоколадын «адамға жақсы көңіл-күй сыйлайтын баламалы энергия көзі» деп атады. Расын айтсақ, шоколад әлеміне саяхат БҰҰ штаб-пәтеріндегі ресми дебаттардың неғұрлым нәтижелі өтуіне себін тигізді.
27.12.2016, 20:12
Қазақстан БҰҰ-ның шоколад фестиваліне қатысты
БҰҰ-ның Нью-Йорктегі штаб-пәтерінде алғаш рет шоколад фестивалі өтті, деп хабарлайды 24.kz
Тегтер:
Пікір жазу