Показать содержимое по тегу: Гүлзада Рысбай
Балалық шақ – адамның болашағының негізі қаланатын ерекше кезең. Бұл уақытта бала қоршаған ортаны танып, алғашқы әлеуметтік дағдыларды меңгеріп, танымдық қабілеттерін дамытады. Осы тұрғыдан алғанда, мектепке дейінгі ұйымдарда қолданылатын әдістер мен тәсілдердің маңызы зор. Солардың ішінде ұлттық ойындардың орны ерекше. Себебі, ұлттық ойындар – қазақ халқының ғасырлар бойы қалыптасқан мәдени мұрасы, тәрбиелік мәні зор рухани қазына.