Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында Ауыл шаруашылығы вице-министрі Гүлмира Исаева мәлім етті.
Оның айтуынша, бұндай мәртебе елімізде спорттық жылқы шаруашылығын кеңінен дамытуға мүмкіндік береді. Осы ретте вице-министр асыл тұқымды тұлпарлардың иелері көбінесе жылқы аурулары кең таралған елдердегі бәйгелерге қатысу тәуекеліне бармайтынын атап өтті.
«Егер де Қазақстан жылқы ауруларынан еркін ел мәртебесіне алса, біз халықаралық ат жарыстарын өткізу үшін пайдаланылатын аймақтарды белгілейміз. Бұл тұрғыда дәстүрлі түрде Алматы және Ақмола облыстары қамтылмақ. Осы орайда, біз елімізде халықаралық жарыстарды қабылдай аламыз»,-деп атап өтті Г. Исаева.

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.