Құжатқа Ресей президенті Владимир Путиннің 4 қазанда Астанаға сапары кезінде "Қазатомөндіріс" ұлттық компаниясы мен Ресейдің Уран байыту жөніндегі орталығынының басшылары қол қойған.
Қазақстан әлемде уран өндіретін жетекші елдердің бірі болғанымен, жеке уранды байытатын нысаны жоқ.
Келісімде Халықаралық атом энергиясы агенттігінің (МАГАТЭ) басшылығымен іске асатын халықаралық жобаларға болашақта Қазақстан мен Ресейдің бірлесе қатысу мүмкіндігі қарастырылған.
Астанада өткен Қазақстан-Ресей өңіраралық бизнес-форумының қорытындысы бойынша жалпы құны үш миллиард доллар болатын 56 келісімге қол қойылды. Форумға екі ел басшылары мен бизнесмендері қатысты.