«Қытайлық компания зауыт салуды бастады. Жоспарда тағы жеті жоба бар. Былтырдан бері ұн мен бидайды экспорттап жатырмыз. Біздің ұнымыз әлемдегі ең үздіктердің қатарында», - дейді Е.Сұлтанов.
СҚО әкімі Қазақстандағы инвесторлар жұмысының тиімді шарттары және бизнес дамуының артықшылықтары туралы ақпарат берді.
Ляочэн қаласының өкілі Чен Пинг облыс басшылығына қонақжайлылық үшін алғыс білдіріп, Шандунь провинциясы жайлы сөз қозғады.
«Провинциямызда 8 аудан, үш экономикалық аймақ және 6 млн халық бар. Өнеркәсіпте түсті металды – мысты өңдейміз. Сондай-ақ, химиялық қайта өңдеу және жер иеленумен айналысамыз.
«Туризм – болашағынан зор үміт күтетін бағытымыз. Ал ауыл шаруашылығында өсімдік өсіру қолға алынған. Жыл сайын 5 млн тонна бидай жинаймыз», - дейді Чен Пинг.
Қытай солтүстік қазақстандықтармен ауыл шаруашылығы саласында ынтымақтастық орнатуды жоспарлап отыр.
«Сізде АӨК жақсы дамыған. Осы салада жұмыс істегіміз келеді. Сондықтан, логистикалық орталық құруды жоспарлап отырмыз. Жобамызды іске асырамыз деп ойлаймын. Алдымен, инвестиция құямыз. Бірақ, болашақта бірлескен кәсіпорындар ашу ниетіміз бар», - деп түйіндеді қытайлық басшы.
Облыс әкімі Ерік Сұлтанов кездесуді қорытындылап, инвесторларға қолға алынған жобаларды жүзеге асыру үшін жан-жақты қолдау көрсетеміз деп уәде берді.