Қаңтарда басталған Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы аясында аймақта биыл 250 адамға тегін кәсіптік білім берілетіні, 750 адамға бизнеспен айналысу негіздері үйретілетіні және де 500 адам қысқа мерзімді курстардан өтіп, бағдарлама аясында 5000 мыңнан астам жұмыс орны ашылатыны айтылды.
Жиын кезінде облыс әкімі тұрғындарды тек мұнай-газ саласына қызығып отыра бермей, бағдарламаның мүмкіндіктерін пайдаланып қалуға шақырды.
“Облыс тұрғындарының көбі мұнай мен газ саласында жұмыс істегісі келеді. Ал тексеріп қарасаң, кейбір салада жұмыс іздеп жүрген адам көп те, кейбір салада тіптен аз. Ал жұмыс істейтін білікті маман таба алмай жүрген компаниялар қаншама? Тұрғындар бұл жағдайды пайдаланып, тиісті білім алуға талпынсын. Бағдарлама аясында адам жетіспейтін мамандықтарды тегін оқытамыз. Бұл – үлкен мүмкіндік”, - деді аймақ басшысы.
Бұлармен бірге биыл микрокредит беруге 840 миллион, кредитке кепілдік беруге 100 миллион теңгеге жуық ақша қарастылып отырғаны белгілі болды.