27.01.2023, 20:23
Президент академиясында «Шымкенттің жұмсақ күші» кітабының таныстырылымы өтті
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында «Брендті басқарудың тиімді стретегиясы» тақырыбында кездесу өтті.
«Development day» аясында ұйымдастырылған жиында «Шымкенттің жұмсақ күші» атты қазақтың тұңғыш саяси-технологиялық кітабы таныстырылды.
Шараға туындының авторы, мəдениеттанушы-философ, PhD Абылайхан Қалназаров және кітаптың жазылуына атсалысқан қоғам қайраткері, журналист Зейін Əліпбек және Академия қызметкерлері, магистранттары және докторанттары қатысты.
Туындыда жаңа ақпараттық-медиалық түйін-түйткілдермен жұмыс істеу, ішкі-сыртқы кризистерге қарсы жұмыс, нақты стратегиялар мен идеологияларды басшылыққа алу бағыттары алғаш рет заманауи PR, менеджмент және soft power – саяси-идеологиялық концепциялар аясында қарастырылған. Кейстер Шымкент қаласының мысалында келтірілген.
Автордың айтуынша, аналитикалық-ұсынымдық зерттеу еңбегі мемлекет тізгінін ұстаған барлық деңгейдегі басшылар мен идеологтарға нұсқаулық-қойын кітапша ретінде әзірленген.
«Туындыда негізгі объект тек Шымкент қаласы ғана емес, Астана, Алматы, Түркістан сияқты еліміздің басты қалаларының ішкі саясаты, имидждік саясаты салыстырылып, жұмыс әдісі қарастырылған. Кітаптың атауы Шымкент болған себебі, ол өңірде политтехнологиялық мысалдар өте көп. Туындының толық атауы – «Шымкенттің жұмсақ күші. Шымкент қаласының брендін тиімді басқару мен имидж-идеологиясын ілгерілету бойынша коммуникативтік стратегия (Талдаулар мен ұсыныстар)». Мұнда жазылған кейстерді кез келген өңірде қолдануға болады», – деп түсіндірді Абылайхан Қалназаров.
Кездесуде Академия білім алушылары авторға аналитикалық туындының жазылу барысы, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу туралы сұрақтарын қойып, қызығушылық танытты.
Пікір жазу
Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.
Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.
E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13